Оның жолда жүргеніне бір жарым жылдай болыпты. Астана қаласында өтіп жатқан ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінен үлкен әсер алыпты.
Былтыр ақпан айында Тбилисиден велосипедпен ұзақ сапарға аттанған саяхатшы 850 күннің ішінде 50 елдің шекарасын басып өтіп, 50 мың шақырымды артқа тастапты. Күніне 100 шақырым қашықтықты еркін еңсеріп отырған оның ендігі ойы – Гиннесстің рекордтар кітабына ену. Рекордтар кітабын 14 рет жаңартқан қандасы Джумбер Лежаваның 264 мың шақырым қашықтықты бағындырғанын, көп жыл бойы оның менеджері болғанын мақтан етеді.
«Әлем жолы» атты континентаралық саяхат маршрутын бүгінде өзі жалғастырып, ұстаз аманатын адал орындап келеді. Аяқ суытып, дамылдаған сәттерде сол елдің, халықтың тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін білмекке құмар. Қай жағынан болсын Қазақстаннан үйренетін тағылымдар, көкірекке түйетін оралымды ойлар көп, дейді.
Алдағы бағыты – Ресейдің Омбы, Қорған, Түмен облыстары. Оны алда ұзақ жолсапар күтіп тұр. 2018 жылы ғана туған жермен, отбасымен қауышатын көрінеді.
Өмір Есқали,
«Егемен Қазақстан»